Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне және «Табиғи монополиялар туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаментінің хаттамалық шешіміне сәйкес, тұтынушыларды электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды алудың жаңа нормалары туралы хабарлаймыз.

Техникалық шарттарды алуға өтінім беру тәсілі:Электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беруМҚҚК АЦЖ(Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі) порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.

МҚҚК АЦЖ порталына өту (aisggk.kz)

 

МҚҚК АЦЖ сайты арқылы өтінімді қалай беруге болады?

1 МҚҚК АЦЖ сайтын ашыңыз

aisggk.kz Мемлекеттік қала құрылысы кадастры порталына өтіңіз.

2 Авторизациядан өтіңіз

Жүйеге ЭЦҚ немесе QR-қолтаңба арқылы кіріңіз.

3 ҚДП токенін алыңыз

Жеке кабинетке өтіп, «Менің профилім» бөлімінде «ҚДП токенін алу» батырмасын басыңыз.

4 Қызметті таңдаңыз

«Электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттарды ұсыну» бөлімін таңдаңыз.

5 Өтінішті толтырыңыз

Өтініш беруші, жер учаскесі, құрылыс нысаны және талап етілетін электр қуаты туралы мәліметтерді көрсетіңіз.

6 Қажетті құжаттарды тіркеңіз

Сервис талаптарына сәйкес құжаттарды (құқық белгілейтін құжаттар, ситуациялық жоспар т.б.) жүктеңіз.

7 Өтінішке қол қойыңыз

Электрондық өтінішке ЭЦҚ кілті арқылы қол қойыңыз.

8 Мәртебені қадағалаңыз

Қарау барысы Жеке кабинетте көрсетіледі. Өтініш МҚҚК АЦЖ жүйесінде автоматты түрде тіркеледі.

9 Техникалық шарттарды алыңыз

Қарау нәтижесі бойынша дайын техникалық шарттар немесе дәлелді бас тарту Жеке кабинетте жүктеуге қолжетімді болады.