23.05.2021 жылы 23 сағ. 54 мин. «Топар бас энергия тарату станциясы» ЖШС технологиялық бұзушылық орын алды – С3Т трансформаторы істен шықты, ол «Газды қорғау» бойынша ажыратылды.
Трансформатордың ажыратылуы майдың шығарылуына әкеп соқты, соның салдарынан ауданы 3-4 м2 төгілген майдың жануы орын алды, ол 8 минут ішінде жойылды, жанында тұрған жабдықтың зақымдануы тіркелмеген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, тұтынушыларға ешқандай шектеулер болған жоқ.
Технологиялық істен шығудың себептері анықталуда.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде таратылған ақпараттың «Топар бас энергия тарату станциясы» ЖШС-не қатысы жоқ.
Директор М.В. Абишев